Талдықорғандық «Жетісу» футбол клубы қазақстандық маман Қайрат Нұрдәулетовтің команданың жаңа бас бапкері болып тағайындалғанын ресми түрде хабарлады, деп жазады malimsports.kz.
Нұрдәулетовтің тағайындалғаны жөнінде «Жетісу» клубы Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялады.
«Қайрат Нұрдәулетов — „Жетісу“ футбол клубының бас бапкері!
Тәжірибелі маман команданы қайтадан тізгіндеді. Алда — жаңа мақсаттар мен ауқымды міндеттер тұр», - деп жазылған Талдықорған командасының мәлімдемесінде.
Айта кетейік, Қайрат Нұрдәулетов — қазақстандық футболдағы тәжірибелі бапкерлердің бірі. Оның жетекшілігімен «Жетісу» алдағы маусымда Қазақстан Премьер-лигасында жоғары нәтижелерге қол жеткізуді көздеп отыр.
Фото: Ашық дереккөзден