«Қайрат» маусымды жеңіспен бастады
Алматылық «Қайрат» Қазақстан Премьер-Лигасының 2026 жылғы алғашқы турында өскемендік «Алтайды» минималды есеппен жеңді.
Матч Алматы қаласындағы «Хан-Тәңірі» стадионында өтті. Кездесуге Талдықорған қаласының төрешісі Сергей Ноженко бастаған қазылар алқасы қызмет көрсетті.
Ойынның алғашқы минуттары екі команда үшін де шамалас өтті. Алайда бірінші таймның ортасына қарай былтырғы чемпион «Қайрат» ойын тізгінін өз қолына алып, алаңдағы басымдықты иеленді. Соған қарамастан, үзіліске дейін есеп ашылған жоқ.
Екінші таймда алматылық клуб қысымды күшейте түсті. Нәтижесінде 64-минутта айып алаңына бағытталған пасты Жоржиньо баспен дәл соғып, матчтағы жалғыз голды соқты.
Матч нәтижесі:
«Алтай» (Өскемен) - «Қайрат» (Алматы) 0:1 (0:0)
Гол: Жоржиньо, 64-минут.
Осылайша, алматылық команда жаңа маусымды жеңіспен бастады, ал өскемендік клуб алғашқы турдан кейін әзірге ұпайсыз қалды.
Фото: instagram/@f.c.altai
Ең көп оқылған