457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қайрат» маусымда алғаш рет ұпай жоғалтты

Дастан Сәтпаев та бірқатар сәтті мүлт жіберді.

Қазақстан Премьер-лигасының үшінші турында талдықорғандық «Жетісу» мен алматылық «Қайрат» кездесті.

Матч Алматыдағы «Хан-Тәңірі» стадионында өтіп, бас төреші қызметін ақтөбелік Саят Сүлейканов атқарды. Кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды.

Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ «Қайрат» басымдық танытып, үзіліске дейін бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Алайда алматылықтар өз мүмкіндіктерін голға айналдыра алмады. Дастан Сәтпаев та бірқатар сәтті мүлт жіберді.

Екінші таймда «Жетісу» белсендірек көрінгенімен, матч тағдырына 65-минуттағы эпизод әсер етті. Сол сәтте «Қайрат» қорғаушысы Луиш Мата қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Соған қарамастан, чемпион команда матч соңына дейін допқа көбірек иелік етті, бірақ есеп аша алған жоқ.

Осылайша, «Қайрат» жаңа маусымдағы алғашқы тең нәтижесін тіркеді. Бұған дейін екі матчта жеңіске жеткен Рафаэль Уразбахтин шәкірттері енді жеті ұпаймен турнир кестесінің төртінші орнына жайғасты.

Ал «Жетісу» қатарынан екінші рет тең түсіп, екі ұпай жинады. Қазір талдықорғандық ұжым турнир кестесінде 13-орында тұр.

ҚПЛ, 3-тур:
«Жетісу» - «Қайрат» 0:0
Алаңнан қуылды:
Луиш Мата, 65.

Фото: «Қайрат» клубының баспасөз қызметі