457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қайрат» – «Левски»: Чемпиондар лигасындағы жауапты матчты қайдан көруге болады?

Бүгін Алматының «Қайрат» клубы УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі жауапты кездесуін өткізеді. Қазақстандық команда Түркістанда болгариялық «Левскимен» кездеседі, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ойын «Түркістан Арена» стадионында Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады.

Матчтың тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады. Эфир ойын басталуына 10 минут қалғанда, яғни 19:50-де басталады.

«Қайратқа» жеңіс қажет

Командалар арасындағы алғашқы матч Софияда өтіп, алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жеткен. «Левски» жалғыз голды кездесудің 92-минутында соғып, қарымта матч алдында маңызды басымдыққа ие болды.

Енді «Қайрат» келесі кезеңге өту үшін кем дегенде екі доп айырмасымен жеңуі қажет. Егер алматылықтар бір ғана гол айырмасымен басым түссе, жеңімпазды анықтау үшін қосымша уақыт тағайындалады.

Келесі кезеңде кіммен кездеседі?

«Қайрат» пен «Левски» арасындағы екі ойынның қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі плей-офф раундына жолдама алады.

Бұл кезеңде жеңімпазды Грекияның Афины қаласының АЕК клубы күтеді.

 

Фото: "Қайрат" ФК