457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қайрат» көшбасшысы Түркия клубтарымен келіссөз жүргізіп жатыр

«Громыкоға «Игдир» айқын қызығушылық танытып отыр.

Футбол агенті Малик Арутюнов алматылық «Қайрат» клубынан кеткен жартылай қорғаушы Валерий Громыконың алдағы мансабына қатысты пікір білдірді.

Громыко Чемпиондар лигасы аясында «Арсенал» клубына қарсы өткен матчтан кейін «Қайрат» сапынан ресми түрде кеткен болатын. Осыдан соң футболшыға шетелдік клубтардың қызығушылығы арта түсті.

Агенттің айтуынша, негізгі үміткерлердің бірі – Түркияның Бірінші лигасында өнер көрсететін «Игдир» клубы. Команда Анкарада орналасқан және қаржылық мүмкіндігі жоғары иеге тиесілі.

«Громыкоға «Игдир» айқын қызығушылық танытып отыр. Сонымен қатар «Антальяспор» клубымен де байланыс бар, алайда трансферлік терезе жабылуына сегіз күн қалғанда оларға ойыншыларды тіркеуге тыйым салынды. Бұдан бөлек, «Фатих Карагюмрюк» клубымен де келіссөздер жүргізіп жатырмыз», – деді Арутюнов bel.football порталына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Валерий Громыко 2024 жылы «Қайрат» сапына «Қайсар» клубынан ауысқан еді. «Сары-қаралар» құрамында ол 57 матч өткізіп, бірнеше гол соғып, 15 нәтижелі пас авторы атанды.

Сондай-ақ футболшы Қазақстан чемпионы атағын екі рет (2024, 2025) жеңіп алып, 2025 жылғы Суперкубок иегері болды. Бұған қоса, 2025/26 маусымында Громыко «Қайратпен» бірге клуб тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды.

Айта кетерлігі, жартылай қорғаушы 2025 жылы Беларусьтің үздік футболшысы деп танылған.

Фото: "Қайрат" клубының баспасөз қызметі