457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қайрат» командасы ел бойынша ең қымбат клуб атанды

Соңғы нарықтық бағалардың жаңаруынан кейін ең қымбат құрам иесі ретінде Мадридтің «Реал» клубы көш басында қалды.

Transfermarkt аналитикалық порталы футбол клубтарының құрам құны бойынша 2025 жылдың қорытынды рейтингін жаңартты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Соңғы нарықтық бағалардың жаңаруынан кейін ең қымбат құрам иесі ретінде Мадридтің «Реал» клубы көш басында қалды.

Желтоқсан айында көптеген ұлттық чемпионаттарда футболшылардың трансферлік құны қайта есептелді. Соның нәтижесінде «Реалдың» жалпы құрам құны аздап төмендегенімен, 1,38 млрд еуроны (қазіргі бағаммен 830 млрд теңгеден астам) құрады. Осылайша мадридтік клуб әлемдегі ең қымбат құрамға ие команда мәртебесін сақтап қалды.

Үздік үштікке сондай-ақ Лондонның «Арсенал» клубы (1,29 млрд еуро) мен «Манчестер Сити» (1,19 млрд еуро) енді. Айта кетейік, ағылшын командаларының да көрсеткіштері алдыңғы жаңартумен салыстырғанда төмендеген.

Құрам құны бойынша әлемнің үздік он клубы қатарына «ПСЖ», «Челси», «Барселона», «Ливерпуль», «Бавария», «Тоттенхэм» және «Манчестер Юнайтед» кірді.

Ал Қазақстан Премьер-лигасында ең қымбат клуб мәртебесін Алматының «Қайрат» командасы сақтап отыр — 16,05 млн еуро. Одан кейін «Астана» (11,70 млн) мен Қостанайдың «Тобылы» (9,90 млн) орналасқан.