457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қайрат» клубының Чемпиондар лигасында қанша табыс тапқаны мәлім болды

Топтық кезеңдегі бір ғана тең ойын - кипрлік «Пафосқа» қарсы матч «Қайратқа» қосымша 700 мың еуро әкелді.

2025/26 маусымында алматылық «Қайрат» футбол клубы тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетті. Сарапшылар қазақстандық клубтың бұл турнирден қанша табыс тапқанын анықтады, деп хабарлайды malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққаны үшін «Қайрат» 18,62 миллион еуро (шамамен 11,23 миллиард теңге) көлемінде табыс тапқан.

Топтық кезеңдегі бір ғана тең ойын - кипрлік «Пафосқа» қарсы матч «Қайратқа» қосымша 700 мың еуро (шамамен 422,1 миллион теңге) әкелді.

Осылайша, клубтың жалпы табысы 19,32 миллион еуроны, яғни 11,65 миллиард теңгені құрады. Еурокубок маусымы аяқталған соң бұл сомаға телевизиялық көрсетілімдер мен маркетингтік құқықтарды сатудан түскен төлемдер қосылады.

Еске сала кетейік, жақында «Қайрат» сырт алаңда ағылшындық «Арсеналдан» 2:3 есебімен жол берді. Сонымен қатар, алматылық клуб Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде португалиялық «Спортингке» (1:4), испаниялық «Реалға» (0:5), италиялық «Интерге» (1:2), даниялық «Копенгагенге» (2:3), грек «Олимпиакосына» (0:1) және бельгиялық «Брюггеге» (1:4) есе жіберген еді. 

Соның нәтижесінде «Қайрат» сегіз матчта бір ғана ұпай жинап, турнир кестесінде 36-орынға тұрақтаған. 

Фото: Ашық дереккөзден