457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қайрат» Канье Уэсттің Алматыдағы концертін өткізуге қатысты пікір білдірді

Сонымен қатар 11-13 тамыз аралығында команда еурокубок аясында да алаңға шығуы мүмкін.

«Қайрат» футбол клубы Канье Уэсттің 14 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда концерт беруі командамен келісілмегенін мәлімдеді, деп жазады malimsports.kz

Клубтың хабарлауынша, тамыз айында стадионда бірнеше маңызды матч өтеді. «Қайрат» 8 және 15 тамызда Қазақстан чемпионаты аясында үйдегі ойындарын өткізеді. Сонымен қатар 11-13 тамыз аралығында команда еурокубок аясында да алаңға шығуы мүмкін.

Клуб өкілдері мұндай ауқымды концертке сахна мен техникалық жабдықтарды орнату, кейін жинау стадион инфрақұрылымы мен футбол алаңына қосымша салмақ түсіретінін атап өтті.

«Қайрат» Орталық стадионда өтетін кез келген бұқаралық шара футбол күнтізбесі ескеріліп, барлық мүдделі тараппен келісілгеннен кейін ғана ұйымдастырылуы керек деп санайды.

Айта кетейік, бұған дейін Канье Уэсттің Алматыда концерт беретіні туралы ақпарат тараған еді. Алайда әзірге әншінің ресми сайтындағы концерттер кестесінде Қазақстандағы шоу туралы мәлімет жоқ.

Фото: Getty Images