«Қайрат» футзалдан 22 дүркін Қазақстан чемпионы атанды
Алматылық «Қайрат» финалдық серияда «Семейді» жеңіп, 2025/2026 жылғы маусымның футзалдан Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Финалдық серияның шешуші бесінші кездесуі Семей қаласында өтті. Ойын басталар алдында сериядағы есеп 2:2 болды.
Матчтың 3-минутында Эдсон Сантос есеп ашып, қонақтарды алға шығарды. Алайда көп ұзамай Камиль Герейханов таразы басын теңестірді. Бірінші тайм 1:1 есебімен аяқталды.
Екінші таймда Жулио Занотто «Қайратты» қайта алға шығарды. Бірақ 33-минутта Кандидо есепті тағы теңестіріп, жеңімпаз қосымша уақытта анықталды.
Жеңіс голын бірінші қосымша таймның соңында Біржан Оразов соғып, «Қайратқа» 3:2 есебімен жеңіс пен чемпиондық атақты сыйлады.
Осылайша, алматылық клуб финалдық серияда жеңіске жетіп, қатарынан екінші маусым Қазақстан чемпионы атанды. Бұл «Қайраттың» клуб тарихындағы 22-чемпиондық титулы болды.
Фото: "Қайрат" ФК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған