457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қайрат» футзал клубы әлемнің үздік командасы аталымына үміткер атанды 

Аталған халықаралық сыйлық 2000 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Қазақстандық «Қайрат» командасы халықаралық Futsal Planet премиясына үміткер ретінде ұсынылды, деп хабарлайды malimsports.kz

Қазақпараттың жазуынша, халықаралық премия 2000 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Дәл осы нұсқа бойынша бұдан бұрын еліміз бойынша Игита бес рет әлемнің үздік қақпашысы атанған еді.

Алматылық команда 2025 жылы Қазақстан чемпионы, Суперкубок иегері, Чемпиондар лигасының күміс жүлдегері болды. Олардан өзге бұл тізімге «Картахена» (Испания), «Пальма» (Испания), «Бока Хуниорс» (Аргентина), «Хонгъен Тхакам» (Таиланд), «Жарагуа» (Бразилия), «Мета Катания» (Италия) және «Пеньяроль» (Уругвай) енгізілген.

Сондай-ақ алматылық клуб намысын қорғаған және қызмет атқарған футзалшы мен маман өзге номинациялар бойынша үздіктер ретінде ұсынылған. Қазір испаниялық «Пальма» клубының намысын қорғайтын бразилиялық қақпашы Деннис әлемнің үздік қақпашысы номинациясы бойынша сынға түседі. Оған қоса аталған клубта сынға түсіп жүрген Луан Мюллер, Лео Гужельмен («Спортинг» / «Бенфика»), Чемимен («Картахена»), Фрейхо Ривераспен («Депортиво»), Матеуспен («Жоинвиль»), Габриэль Фернандеспен («Пеньяроль»), Багер Мохаммадимен («Санайе Гити Пасанд»), Николаспен («Жарагуа») және Александр Суховпен («Хит») бәсекеге түседі.

Өткен жылдың мамыр айында алматылық клубтың бас бапкері қызметінен кеткен испаниялық маман Марлон Веласко әлемнің үздік бапкері атағына таласады. Халықаралық премияны ұйымдастырушылар бұл тізімге Кассиано Кляйн («Спортинг» / «Бенфика»), Диего Риос («L84»), Дуда («Картахена»), Руссика («Пеньяроль»), Хуанрой («Мета Катания»), Мареко («Бока Хуниорс»), Тьяго Раупи («Хонгъен Тхакам»), Вадильо («Пальма») және Эдуардо де Мело («Жарагуа») енгізді.

Сондай-ақ «Каспий» клубының украиналық қақпашысы Иван Белимов «Әлемнің үздік жас ойыншысы» номинациясында бақ сынайды.

Фото: «Қайрат» футзал клубы