Мәзір
Футбол

 «Қайрат» футболшысы өз елінің үздік ойыншысы атанды

Сабина Асқарқызы 147 қаралым
 «Қайрат» футболшысы өз елінің үздік ойыншысы атанды

Алматылық «Қайрат» клубының жартылай қорғаушысы Валерий Громыко 28 жасында Беларусь футболының 2025 жылғы үздік ойыншысы деп танылды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл мәртебелі атақ футболшының клуб пен ұлттық құрамадағы тұрақты әрі нәтижелі өнерінің жемісі екені белгілі.

Громыко биыл «Қайрат» сапында 40 матчқа қатысып, 6 гол соқты. Сондай-ақ әріптестеріне 11 нәтижелі пас берді. Оның ойын стилі шабуыл мен қорғанысты қатар дамытуға икемделген, командадағы орта алаңдағы тұрақты ойыншы ретінде маңызды рөл атқарды.

Беларусь ұлттық құрамасы сапында ол 9 ойын өткізіп, 2 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді.

 

 

 

Фото: sport-pulse.kz

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар