Алматының «Қайрат» футбол клубының ойыншылары УЕФА Чемпиондар лигасының келесі матчы үшін Данияға жол тартты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Команданың әуежайға келген сәтінен түсірілген видеоны клубтың баспасөз қызметі жариялады. Чемпиондар лигасының 5-туры аясындағы «Копенгаген» – «Қайрат» кездесуі 26 қараша күні, Астана уақытымен 22:45-де «Паркен» стадионында өтеді.
Турнирдің бұл кезеңінде екі команда да әлі жеңіске жеткен жоқ. Екі клуб та 1 ұпайдан жинаған. Турнирлік кестеде «Копенгаген» 33-орында, «Қайрат» 34-орында тұр.
Жарияланған видеодан команданың барлық көшбасшыларының, оның ішінде клубтың басты жұлдызы Дастан Сәтпаевтың да сапқа қосылғаны көрінеді.
Фото: "Қайрат" ФК