Мәзір
Футбол

«Қайрат» футболшылары Данияда алғашқы жаттығуын өткізді

Сабина Асқарқызы 86 қаралым
«Қайрат» футболшылары Данияда алғашқы жаттығуын өткізді

Алматылық «Қайрат» Дания астанасына келіп, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің бесінші туры аясында «Копенгагенге» қарсы өтетін матч алдындағы алғашқы жаттығуын өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Клубтың баспасөз қызметі жариялаған суреттерге қарағанда, Копенгагенде ауа температурасы нөлден төмен және дымқыл қар жауып тұр. 

Кездесу 26 қараша күні «Паркен» стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақыты бойынша 22:45-те басталады.

Төрт турдан кейін «Копенгаген» мен «Қайрат» әрқайсысында бір-бір ұпайдан бар және олар жалпы кезең кестесінде тиісінше 33-ші және 34-орындарды иеленіп отыр. Дат клубы тек соғылған және жіберілген голдар айырмасы бойынша ғана жоғары тұр.

 

 

Фото: "Қайрат" фк

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар