«Қайрат» футболшылары Чемпиондар лигасы аясында Арсеналмен кездеседі
«Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі сегізінші турындағы Англияның «Арсенал» командасымен кездесуге Лондон қаласына аттанды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл кездесу 28 қаңтарда Қазақстан уақытымен 1:00-де «Эмирейтс» стадионында басталады.
Қазақпараттың жазуынша, «Қайраттың» жеті турдан кейін небәрі бір ұпайы бар. Турнир кестесінде көш соңында келеді.
Осыған дейін негізгі кезеңде «Қайрат» Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3, Бельгияның «Брюггесііне» 1:4 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.
Есесіне турнир кестесінде «Арсенал» жеті турда бірде-бір ұпай жоғалтпай, 21 ұпаймен көш басында келеді. Ағылшындық команда жарыс барысында Испанияның «Атлетик Билбао» (2:0), Грекияның «Олимпиакос» (2:0), Испанияның «Атлетико Мадрид» (4:0), Чехияның «Славия» (3:0), Германияның «Бавария» (3:1), Бельгияның «Брюгге» (3:0), Италияның «Интер» (3:1) клубтарынан басым түсті.
Фото: Ашық дереккөзден
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған