457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қайрат» Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде «Андерлехтке» есе жіберді

Алматының Орталық стадионында өткен кездесуде қонақтар 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық «Қайрат» футбол клубы УЕФА Еуропа лигасының шешуші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта бельгиялық «Андерлехтке» ірі есеппен есе жіберді, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Алматының Орталық стадионында өткен кездесуде қонақтар 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Матчтағы алғашқы гол ойынның 2-минутында соғылды. Финляндиялық жартылай қорғаушы Яакко Оксанен допты өз қақпасына енгізіп алды. Кейін 24-минутта чехиялық жартылай қорғаушы Лукаш Амброс есепті теңестіріп, ал бірінші таймның қосымша уақытында украиналық шабуылшы Даниил Сикан «Андерлехттің» үшінші голын соқты.

Бірінші таймның соңына қарай «Қайрат» сапында ойыншы алаңнан қуылды. 38-минутта VAR шешімінен кейін қазақстандық қорғаушы Александр Широбоковқа тікелей қызыл қағаз көрсетілді.

Командалар арасындағы қарымта кездесу 27 тамызда Брюссельде өтеді. Екі ойынның қорытындысы бойынша жеңімпаз Еуропа лигасының негізгі кезеңіне жолдама алады. Ал жеңілген команда Конференция лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсетеді.

Айта кетейік, «Қайрат» - биыл еурокубок бәсекесін жалғастырып жатқан Қазақстанның жалғыз өкілі. Алматы клубы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде черногориялық «Сутьеска» мен кипрлік «Омониядан» басым түскен. Алайда үшінші кезеңде болгариялық «Левскиден» жеңіліп, Еуропа лигасының іріктеуіне ауысқан болатын.

Фото: "Қайрат" ФК баспасөз қызметі 

Ең көп оқылған