457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қайрат» Дастан Сәтпаевтың соңғы матчтарын ресми түрде жариялады

Айта кетейік, биылғы маусымда Дастан Сәтбаев Қазақстан Премьер-лигасында 12 матч өткізіп, 5 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

Алматылық FC Kairat клубының баспасөз қызметі шабуылшы Дастан Сәтпаевтың «сары-қаралар» сапындағы соңғы екі ойынының күндерін жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz

Маусым айында Қазақстан Премьер-лигасының аясында ел чемпионы екі  матчын өткізеді. 13 маусымда алматылықтар Орталық стадионда "Атырау" командасын қабылдаса, 17 маусымда "Қызылжар" клубымен кездеседі.

Аталған ойындар клуб түлегі Дастан Сәтпаев үшін «Қайрат» жейдесіндегі соңғы матчтар болмақ. Осы кездесулерден кейін жас шабуылшы келісімшартқа отырған лондондық "Челси" клубының қатарына қосылу үшін Англияға аттанады.

«Тәрбиеленушіміз үшін бұл кездесулер Лондонның “Челси” клубына ауысар алдындағы сары-қара жейдедегі соңғы ойындар болады. “Қызылжармен” матч аяқталған соң Орталық стадионда шабуылшымызбен қоштасу рәсімі өтеді. Алда оны еуропалық футболдағы жаңа сынақ күтіп тұр», – делінген клуб хабарламасында.

Айта кетейік, биылғы маусымда Дастан Сәтбаев Қазақстан Премьер-лигасында 12 матч өткізіп, 5 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

Сондай-ақ ол еурокубоктарда дебют жасап, "Қайрат" ФК сапында Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі бес кездесуде бір голдың авторы атанды. Бұған қоса, шабуылшы Қазақстан ұлттық құрамасына тұрақты түрде шақырту алып келеді.

Фото: Ашық дереккөзден