Алматының «Қайраты» мен Иерусалимнің «Бейтар» клубы грузиялық қорғаушы Лука Гадранидің мерзімінен бұрынғы трансфері бойынша келісімге келді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Лука «Қайрат» клубына 2024 жылдың басында қосылған еді. Осы уақыт ішінде ол 21 матч өткізіп, 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді. Өткен маусымда командамен бірге ел чемпионы атанды.
Клубтың ресми мәлімдемесінде: «Қайрат» ФК Лукаға команданың жетістіктеріне қосқан үлесі үшін алғыс айтып, алдағы мансабына сәттілік тілейді!», делінген.
Айта кетейік, Алматының «Қайрат» клубы биыл өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алды.