457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты

Алматының «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчта Кипрдің «Омония» командасын жеңіп, жарыстың үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Кездесудің негізгі уақыты 1:0 есебімен алматылықтардың пайдасына аяқталды. Матчтағы жалғыз голды 37-минутта Эдмилсон соғып, Луиш Матаның нәтижелі пасын голға айналдырды.

Кездесудің 26-минутында «Омония» шабуылшысы Андроникос Какуллис тікелей қызыл қағаз алып, қонақтар матчтың басым бөлігін бір ойыншы кем өткізді. Алайда қосымша уақытта есеп өзгермей, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды.

Он бір метрлік соққылар сериясында «Қайрат» футболшылары мүлт кетпей, 6:5 есебімен жеңіске жетті. Ал овертаймда кипрлік клуб тағы бір ойыншысынан айырылып, Сену Кулибали қызыл қағаз алғаннан кейін матчты тоғыз футболшымен аяқтады.

Еске салайық, алғашқы кездесуде «Омония» 1:0 есебімен басым түскен болатын. Осылайша, екі матчтың қорытындысы бойынша «Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты.

Келесі кезеңде алматылық клуб Болгарияның «Левски» клубымен кездеседі.

 

Фото: "Қайрат" ФК