457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы ұпайы үшін 700 мың еуро табыс тапты

Алматылық «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының 2025/26 жылғы маусымындағы алғашқы ұпайы үшін UEFA-дан 700 мың еуро (шамамен 438 миллион теңге) көлемінде сыйақы алады, деп жазады malimsports.kz

Үшінші турда «Қайрат» өз алаңында Кипрдің «Пафос» клубымен 0:0 есебімен тең түсті. Бұл – алматылықтардың топтық кезеңдегі алғашқы ұпайы. UEFA ережесіне сәйкес, жеңіске – 2,1 миллион еуро (1,31 миллиард теңге), ал тең нәтиже үшін 700 мың еуро төленеді.

Айта кетсек, «Қайрат» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде бұған дейін Португалияның «Спортинг» (1:4) және Испанияның «Реал Мадрид» (0:5) командаларынан ұтылған еді.

Клубтың Чемпиондар лигасындағы минималды кепілді табысы – 20,25 миллион еуро. Оның ішінде 17 миллион еуро UEFA тарапынан турнир басталар алдында базалық төлем ретінде аударылған.

Осылайша, алматылық команда өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде ұпай алып, қомақты қаржылай табысқа қол жеткізді.

Фото: gettyimages.com