«Қайрат» Чемпиондар лигасында рекордтық табысқа қол жеткізді
Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы екі турын аяқтады. Әзірге ойын нәтижелері көңіл көншітпесе де, клубтың қаржылық көрсеткіші рекордтық деңгейге жетті.
УЕФА регламентіне сәйкес, топтық кезеңге жолдама алған әрбір командаға 15,64 миллион еуро көлемінде кепілдендірілген сыйақы беріледі. Сонымен қатар, әрбір жеңіс үшін 2,1 миллион еуро, ал тең ойын үшін 700 мың еуро төленеді.
Осылайша, екі тур қорытындысы бойынша «Қайраттың» табысы кем дегенде 20,25 миллион еуроға (шамамен 13 миллиард теңге) жетті. Бұл сома клубтың Чемпиондар лигасына қатысу бонусы мен матчтық төлемдерден құралған.
Дегенмен, спорттық тұрғыдан жағдай оңай емес. Алғашқы турда алматылықтар сырт алаңда лиссабондық «Спортингке» 1:4 есебімен есе жіберсе, екінші турда өз алаңында мадридтік «Реалдан» 0:5 есебімен жеңілді.
Жалпы топтық кезеңде «Қайрат» енді «Пафос» (Кипр), «Интер» (Италия), «Копенгаген» (Дания), «Олимпиакос» (Грекия), «Брюгге» (Бельгия) және «Арсенал» (Англия) клубтарына қарсы ойын өткізеді.
Қаржылық табыс клубтың еуропалық деңгейдегі беделі мен әлеуетін арттыра түскенімен, команда енді спорттық нәтиже арқылы да жанкүйерлер сенімін ақтауды көздейді.
«Қайрат» клубының баспасөз қызметі
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған