457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қайрат» бүгін Чемпиондар лигасындағы қарымта матчын өткізеді

Бүгін түнде алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы бірінші іріктеу кезеңінің қарымта матчында Черногорияның «Сутьеска» клубымен кездеседі, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ойын Черногорияның Никшич қаласында өтіп, Астана уақытымен 00:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясы ойын қарсаңында жарияланады.

Еске салайық, Алматыда өткен алғашқы кездесуде «Қайрат» 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Сондықтан алматылық клуб келесі кезеңге шығу үшін тең нәтиже де жеткілікті.

Кездесуді польшалық төреші Войцех Мыц басқарады. Оған қосалқы төрешілер Бартош Хейниг пен Марцин Лисовски көмектеседі. Төртінші төреші қызметін Патрик Грицкевич атқарады.

Бейнеқайталау (VAR) жүйесіне Павел Малец жауапты болса, оның ассистенті ретінде Павел Пскит жұмыс істейді.

 

Фото: "Қайрат" ФК