«Қайрат» – «Брюгге» ойынының билеттері сатылымға шықты
Алматының Қайрат футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі жетінші тур аясында Бельгияның Брюгге командасымен кездеседі. Аталған матчтың билеттері сатылымға шығарылды.
Кездесу 20 қаңтарда елордадағы Астана Арена стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 20:30-да басталады.
Билеттердің бағасы орын санатына байланысты 15, 25 және 35 мың теңге болып белгіленген.
Билет сатып алу кезінде көрермен ЖСН, ұялы телефон нөмірі және электронды пошта мекенжайын көрсетуі қажет. Бір адамға екі билеттен артық сатылмайды, ал төлем тек бір банк картасы арқылы жүзеге асырылады.
Билеттер электронды форматта ұсынылады. Матч күні сатып алушының ұялы телефонына SMS-хабарлама жіберіліп, көрсетілген электронды поштаға QR-билетке сілтеме жолданады.
Билеттерді Freedom SuperApp және Qairat SuperApp мобильді қосымшалары арқылы сатып алуға болады.
Билет операторлары жанкүйерлерді тек ресми сервистерді пайдалануға шақырып, делдалдар мен жалған ұсыныстардан сақ болуға кеңес береді. Билеттерді бейтаныс адамдардан сатып алған жағдайда стадионға кіре алмау қаупі бар, ал мұндай жағдайда қаражат қайтарылмайды.
Фото: t.me/fc_kairat
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған