Қайрат Боранбаев қазақстандық футбол клубтарын жекешелендірудің салдарын атады.
«Қайрат» футбол клубының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев қазақстандық футбол клубтарын жекешелендіру мәселесіне қатысты өз көзқарасын білдірді. Бұл туралы malimsports.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.
«Бұл - өте жақсы нәрсе! Біз салауатты бәсекелестікті қолдаймыз. „Қайрат“ футбол клубы жекешелендіруді қолдайды. Неге болмасқа? Мықты жеңсін. Ең бастысы – осындай бәсекенің арқасында бізде сапалы футболшылар пайда болады. Оның үстіне, тек қазақстандық емес, шетелдік ойыншылар да келеді. Мұның бәрі отандық футболдың дамуына оң әсер етеді», - деді Боранбаев.
Еске сала кетейік, 2025 жылы бірқатар клубтар жеке меншікке өтті. Атап айтқанда, Қызылорданың «Қайсары», Петропавлдың «Қызылжары», елордалық «Жеңісі» және Қарағандының «Шахтері» жекешелендірілді. Ал «Ақтөбе» клубы жекешелендіру үдерісін аяқтау сатысында тұр.
Фото: Sports.kz
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған