«Қайрат» «Бенфика» академиясының түлегін қатарына қосты
Алматылық «Қайрат» құрамын португалиялық жартылай қорғаушы Густаву Мендонсамен күшейтті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Клуб 23 жастағы футболшымен 2029 жылдың соңына дейін келісімшарт жасалғанын ресми түрде хабарлады.
Густаву Мендонса Португалияның Брага қаласында дүниеге келген және атақты «Бенфика» академиясының түлегі. Кәсіби мансабында ол «Канелаш 2010» және АВС клубтарында өнер көрсетті.
2023/24 жылғы маусымда АВС сапында сәтті ойын көрсетіп, командасымен бірге Португалияның жоғары дивизионы – Примейра-лигаға жолдама алды. Ал өткен маусымда элиталық лигада 22 матч өткізіп, негізгі құрам ойыншыларының біріне айналды.
Жалпы АВС клубы сапында Мендонса 58 матчқа қатысып, 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. Сондай-ақ ол Португалияның 20 жасқа дейінгі жастар құрамасына шақырылған.
Айта кетейік, қазіргі таңда «Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасында 39 ұпаймен екінші орында келеді. Сонымен қатар алматылық клуб UEFA Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьеска» командасын екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіп, келесі кезеңге жолдама алған болатын.
Фото: "Қайрат" ФК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған