457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Қайрат" бапкері негізгі қақпашыға қатысты ұстанымын айтты

Өткен маусымда «Қайраттың» екі бірдей қақпашысы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде дебют жасады.

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин команда жетістігі қақпашылардың ойынына ғана байланысты деген пікірге жауап берді, деп хабарлайды malimsports.kz Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап. 

«Қақпашы – жарты команда» деген сөз бар. Бірақ біздің жетістігіміз тек қақпашыларға байланысты деп айту - матчтардың қысқаша шолуын ғана көріп, үстірт қорытынды жасау. Біз еурокубоктерде өнер көрсеттік, көп жағдайда қорғаныста ойнауға тура келді. Мұндай сәттерде кадрға жиі қақпашы түсетіні рас. Дегенмен алаңда ол жалғыз емес, бүкіл команда ойнайды. Футбол - командалық спорт», - деді Уразбахтин.

Еске сала кетейік, өткен маусымда «Қайраттың» екі бірдей қақпашысы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде дебют жасады. Атап айтқанда, Шерхан Қалмырза мен Темірлан Анарбеков Еуропаның басты клубтық турнирінде алғаш рет алаңға шықты.

Әсіресе Темірлан Анарбеков шотландиялық Celtic F.C. клубына қарсы ойында ерекше көзге түсті. Ол матчтан кейінгі пенальти сериясында үш соққыны қайтара отырып, алматылық ұжымды турнирдің топтық кезеңіне алып шыққан еді.

Бапкердің айтуынша, қақпашылардың сенімді ойыны - жалпы командалық еңбектің бір бөлігі ғана. «Қайрат» еурокубоктердегі табысын ұжымдық тәртіп пен жүйелі дайындықтың нәтижесі ретінде бағалайды.

Фото: Ашық дереккөзден