Мәзір
Футбол

«Қайрат» «Атырауды» жеңіп, Қазақстан чемпионатында көш бастады

Сабина Асқарқызы 49 қаралым
«Қайрат» «Атырауды» жеңіп, Қазақстан чемпионатында көш бастады

Қазақстан Премьер-лигасының 18-туры аясында алматылық «Қайрат» сырт алаңда «Атырауды» 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Кездесу «Түркістан Аренада» өтті. Алғашқы таймда «Атыраудың» хорватиялық қорғаушысы Франьо Прце автогол соқты. Кейін «Қайрат» шабуылшысы Эдмилсон дубль жасап, есепті 3:0-ге жеткізді.

Екінші таймда Энрике алаң иелерінің бір голын қайтарды.

Бұл жеңістен кейін «Қайрат» 42 ұпай жинап, Қазақстан чемпионатындағы көшбасшылықты қайта иеленді. Ал «Атырау» 18 ұпаймен турнир кестесінің 11-сатысына түсті.

Фото: Ашық дереккөзден 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар