457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қайрат» Астанада өтетін Чемпиондар лигасы аясындағы матчтың билет бағасын жариялады

Клуб мәліметінше, билеттердің құны 15 000-50 000 теңге аралығында болады.

Алматылық «Қайрат» клубы Астанада өтетін УЕФА Чемпиондар лигасының қалған өз алаңындағы матчтарына арналған билет бағаларын жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Клуб мәліметінше, билеттердің құны 15 000-50 000 теңге аралығында болады.

Еске салайық, «Қайрат» және УЕФА бірлескен шешіммен «Олимпиакос» (9 желтоқсан) және «Брюгге» (20 қаңтар) командаларына қарсы өтетін жалпы кезең матчтарын «Астана Арена» стадионына ауыстырған болатын.

Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері Еуропаның басты турнирінде төрт матч өткізіп, әзірге бір ғана ұпай жинады. Ол ұпай Кипрдің «Пафос» командасымен 0:0 есебіндегі тең нәтижеден кейін тіркелген.

Фото: "Қайрат" ФК