Мәзір
Футбол

«Қайрат» аргентиналық жартылай қорғаушы Себастьян Себальоспен қоштасты

Сабина Асқарқызы 52 қаралым
«Қайрат» аргентиналық жартылай қорғаушы Себастьян Себальоспен қоштасты

Алматылық «Қайрат» аргентиналық жартылай қорғаушы Себастьян Себальоспен келісімшартты бұзды. Клубтың хабарлауынша, тараптар келісімді өзара келісім бойынша тоқтатқан, деп жазады malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Себальос «сары-қаралар» сапына биылғы жылдың басында қосылған еді. Ол «Қайрат» құрамында 11 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының биылғы маусымындағы 18 ойыннан кейін «Қайрат» 39 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орында тұр.

Бүгін, 18 шілдеде Рафаэль Уразбахтин шәкірттері сырт алаңда «Атырауға» қарсы ойнайды. Матч сағат 20:00-де басталады.

Фото: Sports.kz

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар