«Қайрат» аргентиналық футболшыны қатарына қосты
«Қайрат» командасының сапына жаңа легионер қосылды. Алматылық ұжым аргентиналық 24 жастағы вингермен 2027 жылдың соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақпараттың жазуынша, Хуан Себастьян Себальос Буэнос-Айрес провинциясының Хосе Мария Жауреги қаласында дүниеге келген. Ол кәсіби мансабын Лос-Андесте бастады, содан кейін аргентиналық «Индепендиенте Ривадавия» және Таллерестің екінші командасында ойнаған. Өз елінен кеткеннен кейін футболшы Боливиядағы «Реал Оруро» топ-клубында доп тепті. Өткен маусымда 40 матчқа қатысып, 18 гол соғып, 5 нәтижелі пастың авторы атанды.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Қайрат» футбол клубына бразилиялық қорғаушы Лукас Африко келгенін жазғанбыз. Аталған ойыншы жаңа командасының сапында 2026 жылдың соңына дейін өнер көрсетеді.
Фото: «Қайрат» ФК
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған