Пуэрто-Рикода жанкүйерлер Мессиді алаңға құлатты
Пуэрто-Рикода өткен жолдастық матч кезінде жанкүйерлер «Интер Майами» клубының капитаны Лионель Мессиді алаңға құлатып кетті. Бұл туралы The Athletic хабарлады, жазады malimsports.kz.
Оқиға «Интер Майами» мен «Индепендьенте дель Валье» (2:1) арасындағы кездесудің 89-минутында болған. Алдымен 10-нөмірлі жейде киген жанкүйер телефонмен суретке түсу үшін алаңға жүгіріп шыққан. Артынша тағы бір жанкүйер футболшыға қарай жүгіріп барып, оны құшақтап, жерге құлатқан. Месси өздігінен орнынан тұрып, алаң шетіне кеткен.
Айта кетейік, аргентиналық футболшы бұл матчта пенальтиден гол соқты.
Бұл ойын Мессидің жарақаттан кейінгі алғашқы кездесуі болды. 8 ақпанда эквадорлық «Барселонаға» қарсы матчта ол сол жақ тізе асты сіңірін созып алған еді.
Фото: Getty Images
Ең көп оқылған