ПСЖ УЕФА Суперкубогын қатарынан екінші рет жеңіп алды
Франциялық «Пари Сен-Жермен» УЕФА Суперкубогы үшін өткен матчта ағылшынның «Астон Вилласын» 2:1 есебімен жеңіп, бұл жүлдені қатарынан екінші рет иеленді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Кездесу Аустрияның Зальцбург қаласындағы «Ред Булл Арена» стадионында өтті. Ойынға Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының қазіргі жеңімпаздары қатысты.
Париждіктер сапынан алғашқы голды Хвича Кварацхелия соқты. Ол 20-минутта Дезире Дуэнің пасынан кейін дәл соққы жасап, есеп ашты.
Бірінші тайм аяқталар тұста «Астон Вилла» таразы басын теңестірді. 45-минутта ағылшын шабуылшысы Брайан Маджо гол соқты. 17 жастағы футболшы еурокубок турнирлері финалында гол соққан ең жас ойыншы атанды.
Ал 61-минутта Дезире Дуэ ПСЖ-ға жеңіс сыйлаған голды соқты. Ол Усман Дембеленің нәтижелі пасын дәл пайдаланды.
Осылайша ПСЖ УЕФА Суперкубогын екінші рет жеңіп алды. Париждік клуб бұған дейін де бір жыл бұрын осы жүлдеге ие болған.
Ал «Астон Вилла» Суперкубок үшін матчтағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Бирмингемдік клуб 1982 жылы бұл турнирде жеңімпаз атанған еді.
Фото: Ашық дереккөзден
ПСЖ УЕФА Суперкубогын қатарынан екінші рет жеңіп алды
Ең көп оқылған