457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ПСЖ ресейлік қақпашыны командалық фотодан алып тастады

Алайда дәл осы кадр түсірілген бейнероликте ресейлік қақпашының бар екені байқалады.

Францияның «Пари Сен-Жермен» футбол клубы Қатарға келгеннен кейін жариялаған командалық фотосуреттен Ресей құрамасының қақпашысы Матвей Сафоновты алып тастаған. Аталған сурет клубтың әлеуметтік желілерінде жарияланды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Алайда дәл осы кадр түсірілген бейнероликте ресейлік қақпашының бар екені байқалады. Бұл жайт жанкүйерлер арасында түрлі сұрақтар туындатты.

Соңғы үш матчта Матвей Сафонов ПСЖ-ның негізгі қақпашысы ретінде алаңға шықты. Ол франциялық голкипер Люк Шевальенің жарақатына байланысты бастапқы құрамда ойнауға мүмкіндік алды. Бұған дейін Сафонов ПСЖ сапында соңғы рет 2025 жылдың мамыр айында алаңға шыққан болатын.

Францияның беделді L’Equipe басылымы Сафоновтың қазіргі ойынын жоғары бағалап, оның негізгі құрамдағы орын үшін бәсекені қайта бастауға дайын екенін атап өтті. Бас бапкер Луис Энрике әзірге Люк Шевальені бірінші нөмір деп есептегенімен, ресейлік қақпашының өзін дәлелдеуге барлық мүмкіндігі бар екені жазылды.

Матвей Сафонов ПСЖ-ға 2024 жылдың жазында «Краснодар» клубынан ауысты. Ол париждік команда сапында 20 матч өткізіп, оның тоғызында қақпасын «құрғақ» сақтады. Осы кезеңде Сафонов Франция чемпионаты, ел кубогы, Суперкубок, УЕФА Суперкубогы және Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанып, алғашқы ірі трофейлерін иеленді. Сондай-ақ ПСЖ клубтық әлем чемпионатының финалына шықты.

ПСЖ мен бразилиялық «Фламенго» арасындағы Құрлықаралық кубок финалы 17 желтоқсанда Қатардың Доха қаласында өтеді. Кездесу жергілікті уақытпен 20:00-де басталады. ПСЖ финалға Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы ретінде тікелей жолдама алса, «Фламенго» Кубок Либертадорес жеңімпазы ретінде жартылай финалда мысырлық «Пирамидс» клубын 2:0 есебімен жеңіп, шешуші ойынға шықты.

Фото:  Global Look Press