Премьер-лига: «Ордабасы» өз алаңында «Жеңісті» тізе бүктірді

Қазақстан Премьер-лигасының 23-турында шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында Астананың «Жеңіс» клубымен кездесті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ойын Қажымұқан атындағы стадионда өтіп, оны ақтөбелік төреші Саят Суликанов қазылық етті.
Бірінші таймда қос команда да қауіпті сәттер ұйымдастырғанымен, гол соғылған жоқ. Ал екінші кезеңде 71-минутта Ұлар Жақсыбаев алыстан есеп ашты. Арада екі минут өткенде, Муроджон Халматов пенальтиден мүлт кетпей, есепті еселеді. Ал 87-минутта қонақтар сапынан Всеволод Садовский есепті қысқартты. Қорытынды есеп – 2:1.
Сол сәтте «Жеңіс» тағы бір мүмкіндік алған еді: 87-минутта Лобжанидзе пенальти тепкенімен, қақпашы қайтарып үлгерді.
«Ордабасы» (Шымкент) – «Жеңіс» (Астана) – 2:1 (0:0)
Голдар: Жақсыбаев 71 (1:0), Халматов (пенальти) 73 (2:0), Садовский 87 (2:1).
Турнирлік жағдай
Бұл жеңістен кейін «Ордабасының» қоржынында 31 ұпай болып, команда турнир кестесінде дәл осы «Жениске» жетті.
Фото: «Ордабасының» баспасөз қызметі


Ең көп оқылған
