457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Пиротехника дауы: Швециядағы матч төрт жарым сағатқа созылды

Ұзақ үзілістен кейін ойын қайта жалғасты.

Швециядағы плей-офф матчы жанкүйерлердің жасанды газонды өртеп жіберуіне байланысты төрт сағатқа созылды, деп жазады malimsports.kz

Швеция чемпионатының жоғарғы дивизионына жолдама беретін плей-офф матчында «Норрчёпинг» пен «Эргрюте» командаларының ойыны төрт сағаттан астам уақытқа созылды. Бұған алаңдағы жасанды төсеніштің өртенуі себеп болды.

Aftonbladet басылымының хабарлауынша, оқиға негізгі уақыттың аяқталуына бес минут қалғанда, есеп 0:0 болған кезде орын алған. «Норрчёпинг» жанкүйерлері алаңға пиротехника лақтырып, соның салдарынан синтетикалық газон мен қақпа торы өртене бастаған.

Ұзақ үзілістен кейін ойын қайта жалғасты. Алайда 50 секунд өтпей жатып, алаңға тағы да петардалар түсті. Матч тағы тоқтатылып, стадионнан жанкүйерлер шығарылды.

Кездесу басталғаннан төрт жарым сағат өткен соң ғана финалдық ысқырық шалынды. Екі матчтың қорытындысы бойынша «Эргрюте» 3:0 есебімен жеңіп, Швецияның жоғарғы лигасында ойнау құқығына ие болды.

Фото: report.az