Петропавлда «Қызылжар» клубына жаңа заманауи стадион салынады
Петропавлда жергілікті «Қызылжар» командасына арнап жаңа стадион мен футбол академиясы салынады.
Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мәлімдеді.
Оның айтуынша, өңірде 5 мың көрерменге арналған жабық стадион бой көтереді. Сонымен қатар, оның жанынан екі алаңы бар жеке академия салу жоспарланып отыр.
«Көптен күткен жаңа нысан салынады – бес мың көрерменге арналған жабық стадион, ал жанынан екі алаңы бар бөлек академия бой көтереді. Егер бәрі жоспарға сай жүзеге асса, бұл Петропавлда салынатын үшінші ірі нысан болады», - деді аймақ басшысы.
Қазіргі уақытта өңірде 11 мың жанкүйерге арналған «Қарасай» стадионы бар. Бүгінде «Қызылжар» өз матчтарын осы стадионда өткізіп жүр.
ФОТО: fcqyzyljar
Ең көп оқылған