457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Париж әкімшілігі ПСЖ клубын сақтап қалуды көздейтінін мәлімдеді 

ПСЖ аталған 48 мың орындық стадионда 1974 жылдан бері ойнап келеді.

Париж қаласының жаңа мэрі Эмманюэль Грегуар Пари Сен-Жермен клубының  Парк де Пренс стадионына қатысты келіссөздерді жаздың соңына дейін аяқтағысы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Franceinfo радиосына берген сұхбатында айтты, деп жазады malimsports.kz

ПСЖ аталған 48 мың орындық стадионда 1974 жылдан бері ойнап келеді. Алайда бұған дейінгі мэр Анн Идальго клубқа стадионды сатудан бас тартып, оны жаңғырту мәселесінде де келісімге келмеген болатын.

Клуб президенті Нассер Аль-Хелаифи бұған дейін команда басқа аренаға көшуі мүмкін екенін айтқан. Нұсқалардың қатарында 80 мың көрерменге арналған Стад де Франс немесе өзге қалалардағы стадиондар қарастырылған.

Грегуардың айтуынша, қала билігі клуб акционерлерімен келіссөз жүргізіп, оны жаздың соңына дейін аяқтауға ниетті. Оның басты мақсаты ПСЖ-ны Парижде сақтау болып отыр. 

Сонымен қатар, мэр қала бюджеті кәсіби клубтың стадионын қаржыландырмауы тиіс екенін атап өтті. Оның пікірінше, бұл қаражатты қоғам үшін маңыздырақ бағыттарға жұмсауға болады.

Айта кетейік, Грегуар бұған дейін стадионды толық сату немесе ұзақ мерзімді жалға беру нұсқаларын да қарастыруға дайын екенін білдірген.

Фото: Getty Images