457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Өзбекстанның бас бапкері әлем чемпионатының жеребесіне қатысты пікір білдірді

Бұл – жеребе, онда бәрі мүмкін

Өзбекстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Фабио Каннаваро футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жеребесіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sports.uz порталы.

«Әрине, бұл – әлем чемпионаты. Бізге кез келген мықты команда қарсылас болуы мүмкін. Топтық кезеңде Португалия және Колумбия құрамаларына қарсы алаңға шығамыз. Бұл, сөзсіз, біздің футболшылар үшін де, өзіміз үшін де сынақ болғалы тұр. Бірақ ең бастысы –  біз әлем чемпионатының қатысушылары арасындамыз! Бұл – жеребе, онда бәрі мүмкін. Тарихи мундиальге қатысып отырғанымызға өте қуаныштымыз. Соңына дейін күресеміз деп үміттенемін», - деді Каннаваро.

Айта кетейік, K тобында Өзбекстан құрамасы Португалия мен Колумбиядан бөлек, құрлықаралық плей-офф жеңімпаздарының бірімен кездеседі. Ықтимал қарсыластар арасында Конго Демократиялық Республикасы, Ямайка, Жаңа Каледония бар.

ФОТО: ufa