Қатарда өтіп жатқан U-17 әлем чемпионатында Өзбекстан жасөспірімдер құрамасы плей-офф кезеңіне шығуға қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.
1/16 финалда өзбекстандық жас ойыншылар Хорватия құрамасымен күш сынасып, тартысты матчта жеңіске жетті.
24-минутта Садриддин Хасанов алғашқы голды соғып, Өзбекстанды алға шығарды. Хорватия құрамасы есепті тек 81-минутта теңестіре алды – гол авторы Тино Кусанович.
90 минуттық негізгі уақыт 1:1 есебімен, ал қосымша уақыт голсыз аяқталды.
Матч тағдыры пенальти сериясында шешілді. Хорватиялықтар екі рет қателессе, өзбекстандықтар бір ғана соққыны мүлт жіберді. Нәтижесінде серия 4:3 есебімен Өзбекстан пайдасына аяқталды.
Осы жеңістің арқасында Өзбекстан U-17 құрамасы 1/8 финалда Еуропаның қуатты құрамаларының бірі – Италиямен кездеседі. Кездесу 18 қарашаға жоспарланған.
Фото: Uzbekistan Football Association