457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Өзбекстан құрамасы Нью-Йоркте күшейтілген тексеруден өтті

Ойыншылар автобустан бір-бірлеп түсіріліп, әрқайсысы жеке тексерілген.

Нью-Йорк қаласына Нидерланд құрамасымен жолдастық матч өткізу үшін келген Өзбекстан ұлттық футбол құрамасы АҚШ қауіпсіздік қызметтері тарапынан күшейтілген тексеруден өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.  

Бұл туралы El Universo басылымы жазды. Футболшылар мен делегация мүшелері арнайы кинологиялық қызметтің иттері мен қауіпсіздік қызметкерлерінің қатысуымен жеке-жеке тексеруден өткізілген.

Ойыншылар автобустан бір-бірлеп түсіріліп, әрқайсысы жеке тексерілген. Сонымен қатар қауіпсіздік қызметінің мамандары олардың жеке заттарын қарап, металл іздегіш құрылғылардың көмегімен қосымша бақылау жүргізген.

Басылымның жазуынша, қауіпсіздік шараларының күшейтілуіне Нью-Йорктің осы ауданында АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың болуы себеп болуы мүмкін. Ол сол уақытта баскетбол матчын тамашалауға бағыт алған. Алайда бұл нұсқа әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Өзбекстан құрамасы үшін алдағы әлем чемпионаты тарихындағы алғашқы мундиаль болмақ. Топтық кезеңде команда Колумбия, Португалия және Конго Демократиялық Республикасы құрамаларымен кездеседі.

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика аумағында өтеді.

Фото: Getty Images