Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) кеңесінің кезекті отырысында Өзбекстан мен Әзербайжан 2027 жылғы U-20 әлем чемпионатын қабылдайтыны туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл турнир – ФИФА ұйымдастыратын ұлттық құрама командалар арасындағы әлем чемпионатынан кейінгі ең беделді жарыс саналады. ФИФА U-20 әлем чемпионаты 1977 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Осы уақытқа дейін Аргентина (6 рет), Бразилия (5), Португалия (2), Сербия (2), сондай-ақ Уругвай, Гана, Испания, КСРО, Германия, Англия, Франция және Украина жеңімпаз атанған.
Қазіргі уақытта кезекті чемпионат Чили алаңдарында өтіп жатыр. Онда 24 құрама бақ сынауда.
Фото: UFA