Фергананың «Нефтчи» клубының бас бапкері Виталий Левченко келесі маусымды Қазақстанда өткізуі ықтимал, деп хабарлайды «АЗИЯ-СПОРТ» телеграм-арнасы.
Дереккөздің мәліметінше, Премьер-лига клубтарының бірі 53 жастағы маманға нақты қызығушылық танытып отыр.
Өткен маусымда Левченко «Нефтчиді» 24 жылдан кейін алғаш рет Өзбекстан чемпионы атандырды. Бұл нәтижеге клуб тарихында бұған дейін тек Юрий Саркисян ғана қол жеткізген болатын. Бұған қоса, Левченко өткен жылдары Тәжікстан чемпионы атанған «Истиклолды» да жаттықтырған.
Маманның «Нефтчимен» келісімшарты алдағы күндері аяқталады. Осы қыста оның жаңа ұсынысты қарастыруы әбден мүмкін.
Фото: Тәжікстан футбол федерациясы