Мәзір
Футбол

Өзбек футболшылары Түркия чемпионатында ерекше көзге түсіп жүр

Сабина Асқарқызы 127 қаралым
Өзбек футболшылары Түркия чемпионатында ерекше көзге түсіп жүр

Түркия чемпионатының 17-турында «Истанбул Башакшехир» өз алаңында «Газиантепті» қабылдап, 5:1 есебімен жеңіске жетті.

Алаң иелері сапында ойнайтын қос өзбекстандық футболшылар – Эльдор Шомуродов пен Аббосбек Файзуллаев екеуі де матчта көзге түсті.

Кездесудің 21-минутында Шомуродов есеп ашып, «Башакшехирді» алға шығарды. Алайда «Газиантеп» көп күттірмей жауап берді: 26-минутта Дрисса Камара таразы басын теңестірді.

29-минутта Файзуллаев қайтадан алаң иелерін алға сүйреп, бірінші тайм 2:1 нәтижесімен аяқталды.

Екінші кезеңде «Башакшехир» қарқынын үдетті. 53-минутта Арда Кызылдаг өз қақпасына гол соғып алды. Кейін Шомуродовтың пасынан кейін Умут Гюнеш мергендік танытты. Ал негізгі уақыттың аяқталуына алты минут қалғанда Иван Брнич есепті түйіндеді — 5:1.

Айта кетейік, 77-минутта «Газиантеп» сапынан Кевин Родригес қызыл қағаз алып, қонақтар ойынның соңын бір ойыншы кем аяқтады.

Эльдор Шомуродов 12 голмен Түркия Суперлигасының үздік сұрмергені болып тұр.

Фото: ©ФК "Истанбул Башакшехир"

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар