Мәзір
Футбол

Отандық маман ресейлік клубтың жаттықтырушысы атанды

Сабина Асқарқызы 80 қаралым
Отандық маман ресейлік клубтың жаттықтырушысы атанды

Қазақстан жастар құрамасының және «Шахтердің» бұрынғы футболшысы Вадим Боровский Ресейдің ең танымал клубтарының бірі – Мәскеудің «Спартак» командасына бапкер болып тағайындалды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Ол физикалық дайындық бойынша жаттықтырушы қызметін атқарады. Вадим Боровский 1986 жылы Қарағанды облысы, Сарань қаласында дүниеге келген. Футболшы ретінде «Шахтер», «Атырау» және «Алма-Ата» клубтарында өнер көрсетіп, 2011 және 2012 жылдары «Шахтермен» бірге Қазақстан чемпионы атанды. Сонымен қатар Қазақстанның жастар және жасөспірімдер құрамаларында да ойнаған.

2017–2021 жылдары Боровский «Қайрат-Жастар» командасында физикалық дайындық бапкері болып жұмыс істеді. 2021 жылы Мәскеудің «Спартак» клубының жүйесіне шақырылып, 2022 жылы жастар командасының бапкерлер құрамына кірді, ал 2024 жылдың қарашасында негізгі командаға көтерілді.

 

 

Фото: instagram.com/vadimborovskiy

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар