457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Ордабасы» сербиялық қорғаушыға қызығушылық танытты

Transfermarkt порталы Иовичтің трансферлік құнын 400 мың еуроға (шамамен 236,2 млн теңге) бағалап отыр.

Шымкенттің Ордабасы футбол клубы қорғаныс шебін күшейту бағытында жұмысын жалғастырып жатыр. Бұл туралы журналист Эльдар Аманбаев хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, «Ордабасы» қазіргі таңда Босния және Герцеговинаның Сараево клубында өнер көрсетіп жүрген сербиялық орталық қорғаушы Иовичке қызығушылық білдіруде. 25 жастағы футболшы биылғы маусымда тоғыз матчқа қатысқанымен, қазан айынан бері негізгі құрамнан шығып қалып, соңғы он ойында бар-жоғы 14 минут қана алаңға шыққан.

Журналистің мәліметінше, шымкенттік клуб келесі маусымға нақты демеуші бекітілмегеніне қарамастан, шетелдік ойыншылармен келіссөздер жүргізіп жатыр. Қаржылық қиындықтарға байланысты легионерлердің жалақы мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Сол себепті қазіргі құрамдағы кейбір футболшылар командаға тек екінші оқу-жаттығу жиыны кезінде ғана қосылған.

Transfermarkt порталы Иовичтің трансферлік құнын 400 мың еуроға (шамамен 236,2 млн теңге) бағалап отыр.

Айта кетейік, өткен маусымда «Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасында 35 ұпай жинап, жетінші орынға тұрақтады. Сонымен қатар команда Қазақстан кубогының финалына дейін жетіп, шешуші ойында Қостанайдың «Тобыл» клубына жол берген еді.

ФОТО: ФК Сараево