457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Ордабасы» Қазақстан кубогының жартылай финалында «Алтайды» жеңді

Шымкенттің «Ордабасы» клубы Қазақстан кубогының жартылай финалындағы алғашқы матчта өз алаңында Өскеменнің «Алтайын» 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Кездесу Шымкент қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда өтті. Алаң иелері ойынның алғашқы таймынан бастап басымдық танытып, екі гол соқты. Әуелі норвегиялық шабуылшы Бьорн Йонсеннің нәтижелі пасынан кейін бразилиялық Лео Нател есеп ашса, араға көп уақыт салмай Йонсеннің өзі мергендер қатарына қосылып, есепті 2:0-ге жеткізді.

Екінші таймда «Ордабасы» шабуылын үдете түсті. Бұл жолы Лео Нател нәтижелі пас авторы атанып, қорғаушы Ги-Марселен Килама команданың үшінші голын соқты.

Матчтың соңына қарай «Алтай» сапынан Дмитрий Подстрелов бір доп айырмасын қысқартқанымен, ойын тағдырына әсер ете алмады. Қорытынды есеп – 3:1.

Жартылай финалдың қарымта кездесуі 19 тамызда Өскеменде өтеді. Екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда Қазақстан кубогының финалына жолдама алады.

Еске салайық, ширек финалда «Ордабасы» «Жетісуды» жарыс жолынан шығарса, «Алтай» «Ақтөбеден» басым түскен болатын. Шымкенттік клуб Қазақстан кубогын бұған дейін екі мәрте – 2011 және 2022 жылдары жеңіп алған.

 

Фото: "Ордабасы" ФК