«Ордабасы» қатарынан жетінші ойында жеңісіне жетіп, ҚПЛ-да көш бастады
Қазақстан Премьер-лигасының XVI туры Шымкентте өткен «Ордабасы» мен «Ұлытау» арасындағы матчпен аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Турнир көшбасшыларының бірі саналатын шымкенттік клуб жеңісті сериясын жалғастырып, қатарынан жетінші рет үш ұпай еншіледі.
Кездесудің алғашқы таймында есеп ашылған жоқ. Матчтағы жалғыз гол 70-минутта соғылды. Норвегиялық шабуылшы Берн Йонсен мергендік танытып, «Ордабасына» жеңіс сыйлады.
Осылайша, шымкенттік команда 1:0 есебімен басым түсіп, 40 ұпаймен турнир кестесінің бірінші орнына көтерілді. Оның үстіне «Ордабасының» екінші орында тұрған «Қайраттан» (39 ұпай) екі ойыны кем.
XVI турдың нәтижелері:
3 шілде
«Астана» – «Жеңіс» – 1:0
4 шілде
«Алтай» – «Тобыл» – 1:0
«Қызылжар» – «Елімай» – 0:1
5 шілде
«Атырау» – «Каспий» – 1:2
«Ақтөбе» – «Жетісу» – 2:1
«Қайсар» – «Ертіс» – 0:0
«Ордабасы» – «Ұлытау» – 1:0
Келесі турдың матчтары 11 және 12 шілде күндері өтеді.
Фото: "Ордабасы" ФК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған