457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Ордабасы» өз алаңында «Қайсарды» ұтты

«Ордабасы» жеті ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді

Қазақстан Премьер-лигасының үшінші турында шымкенттік «Ордабасы» клубы өз алаңында қызылордалық «Қайсарды» 2:0 есебімен жеңді.

Кездесу Шымкент қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтті. Алаң иелері матч тағдырын алғашқы таймның өзінде шешіп тастады.

Есепті 13-минутта болгариялық шабуылшы Димитар Митков ашса, араға үш минут салып сербиялық қорғаушы Никола Антич шымкенттіктердің басымдығын еселей түсті. Осылайша, 16-минутқа қарай «Ордабасы» екі доп айырмасымен алға шықты.

Одан кейін алаң иелері есепті сақтауға басымдық беріп, матчты сенімді түрде жеңіспен аяқтады – 2:0.

Бұл жеңістен кейін «Ордабасы» жеті ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Ал «Қайсардың» еншісінде екі ұпай ғана бар.

Қазақстан Премьер-лигасы, 3-тур
«Ордабасы» - «Қайсар» - 2:0

Голдар: Митков, 13 (1:0), Антич, 16 (2:0).