457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Ордабасы» мен «Атырау» матчындағы қателіктерден кейін екі төреші уақытша шеттетілді

Федерация өкілдерінің мәлімдеуінше, аталған қателіктер ойын нәтижесіне тікелей әсер еткен.

Қазақстан футбол федерациясы Премьер-лиганың төртінші турында өткен «Ордабасы» - «Атырау» матчында өрескел қателіктерге жол берген төрешілерге қатысты шешім қабылдады.

Федерация мәліметінше, бас төреші Санжар Ысқақов пен VAR төрешісі Татьяна Сорокопудова ұлттық жарыстар аясындағы матчтарға қызмет көрсетуден уақытша шеттетілді.

ҚФФ таратқан ресми ақпаратта бұл шешім Қазақстан Премьер-лигасының соңғы турында жіберілген бірқатар маңызды қателіктерге байланысты қабылданғаны айтылған. Федерация өкілдерінің мәлімдеуінше, аталған қателіктер ойын нәтижесіне тікелей әсер еткен.

Еске салайық, «Ордабасы» - «Атырау» кездесуінде 82-минутта атыраулықтар соққан екінші гол бас төреші Санжар Ысқақовтың VAR көмегімен қайта қарауынан кейін есепке алынбаған еді. Егер бұл гол заңды деп танылғанда, «Атырау» 2:0 есебімен алға шығатын болатын.

Бұдан бөлек, матчтың 97-минутында төреші «Атырау» қақпасына пенальти белгілеп, соның нәтижесінде шымкенттік клуб есепті теңестірді. Кейін бұл шешімнің де қате болғаны ресми түрде мойындалды.

Ойын барысында қабылданған даулы шешімдерге байланысты ҚФФ төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Каштру оларды қате деп танып, ресми қорытынды шығарды.

Федерация мәліметінше, төрешілердің алдағы мәртебесіне қатысты түпкілікті шешім құзыретті органдар жан-жақты тексеру жүргізгеннен кейін қабылданады.

Фото: Қазақстан футбол федерациясының телеграмдағы парақшасынан