457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Ордабасы» клубына ФИФА трансферлік бан салды

анкциялар 10 наурыз, сейсенбі күні күшіне енді.

Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубына Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) трансферлік бан салды.

Қазақстандық клуб ФИФА-ның ресми сайтындағы ойыншыларды тіркеуге шектеу қойылған командалар тізіміне енгізілді.

Енді шымкенттік клуб алдағы үш трансферлік кезең бойы жаңа футболшыларды тіркей алмайды. Санкциялар 10 наурыз, сейсенбі күні күшіне енді.

Егер «Ордабасы» клубы белгіленген мерзімде туындаған мәселелерді шешпесе, жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салу 2027 жылдың жазына дейін – яғни үш трансферлік кезеңге дейін жалғасуы мүмкін.

Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымындағы 1-тур матчында «Ордабасы» өз алаңында лиганың жаңадан қосылған клубы – павлодарлық «Ертіспен» 2:2 есебімен тең түсті.

Шымкенттік команда келесі кездесуін 16 наурыз күні сырт алаңда елордалық «Жеңіске» қарсы өткізеді.

Фото: «Ордабасы» клубының баспасөз қызметі