"Ордабасы" клубы қазақстандық ірі кәсіпкердің меншігіне өтуі мүмкін
Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубының жаңа иесі ірі қазақстандық кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліп болуы ықтимал. Бұл туралы Sports.kz сайты жазды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Дереккөз мәліметінше, «Integra Construction» компаниясының құрылтайшысы клубты сатып алуы мүмкін екені туралы ақпарат екі-үш апта бұрын белгілі болған. Егер мәміле жүзеге асса, «Ордабасыда» трансферлік белсенділік күшейеді деген болжам бар. Яғни команда құрамына бір-екі жұлдызды ойыншы тартылуы ықтимал. Сонымен қатар жаңа акционерлер клубтың заманауи академиясын салуы да мүмкін екені айтылады.
Жекешелендіру рәсімі өтсе, «Ордабасы» жекеменшікке өткен қазақстандық бизнес өкілдері иелік ететін алтыншы клубқа айналады.
Еске салайық, «Ордабасы» 2023 жылы Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанған. Ал өткен маусым қорытындысында шымкенттік команда 35 ұпай жинап, турнир кестесінде жетінші орын алды.
Айта кетейік, ықтимал жаңа иесі Шахмұрат Мүтәліп - Қазақстан бокс федерациясының президенті.
Фото: Ашық дереккөзден
Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады
Ең көп оқылған